Blog Post

ZerdeBilim.kz > Байқау > Байқау ережесі > Республикалық Абайтану олимпиадасы (Қыркүйек 2025)

Республикалық Абайтану олимпиадасы (Қыркүйек 2025)

Құрметті педагогтар және ата-аналар!

Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай “Зерде” республикалық  зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсы орталығы (бұдан әрі ұйымдастырушы)  балабақша, мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен ұстаздарын ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 514 бұйрығы негізінде ұйымдастырылған  2025-2026 оқу  жылындағы республикалық «Абайтану» олимпиадасына (бұдан әрі олимпиада) қатысуға шақырады.

Жалпы ереже және құқықтық негіз

Олимпиада қазақтың рухани мұрасын жүйелі насихаттауға, оқушылардың классикалық әдебиетке қызығушылығын тереңдетуге бағытталған білім сайысы. Шара ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 514-бұйрығы негізінде, 2025–2026 оқу жылы аясында онлайн форматта өткізіледі. Ұйымдастырушы қатысушылардың жұмыстарын орталықтандырылған электронды платформа арқылы қабылдайды.

Мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: Абай Құнанбайұлы шығармашылығын терең меңгерту, оқушылардың оқу мәдениетін, тілдік және эстетикалық талғамын көтеру.

Міндеттері:

  • әдеби мәтінмен дәлелді жұмыс істеу, сыни ойлау мен дәйекті пікір айту дағдысын дамыту;
  • шығармашылық қабілетті ашу, ғылыми-зерттеу сауаттылығын қолдау;
  • ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу.

Қатысушылар және жас санаттары

Қатысуға балабақша тәрбиеленушілерінен бастап мектепалды, 1–11-сынып оқушылары, колледж және ЖОО студенттері шақырылады. Ұйымдастыру үшін бағалау әділдігі сақтала отырып, жұмыстар келесі санаттарда қаралады:

  • Мектепке дейінгі/мектепалды
  • Бастауыш (1–4 сынып)
  • Орта буын (5–8 сынып)
  • Жоғары буын (9–11 сынып)
  • Колледж/ЖОО.

Номинациялар

  1. «Өлең сөздің патшасы» — Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу.
  2. «Абайдың қара сөздері» — бір не бірнеше қара сөзді жатқа/оқып беру.
  3. «Ақын шәкірттер» — Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия шығармаларын оқу.
  4. «Көңілім әнді ұғады» — Абай әндері/күйлерін орындау.
  5. «Жүйріктен жүйрік озар» — қатысушының өз поэзиясы/прозасы.
  6. «Ұлылар әлемі» — Абай тақырыбына эссе.
  7. «Абай бейнесі» — бейнелеу өнері (сурет, графика, мүсін т.б.).
  8. «Мен Абайды зерттеймін» — Абай өмірі мен мұрасына ғылыми жұмыс.

Күнтізбе

  • Жұмыстарды қабылдау аяқталу мерзімі: 02.10.2025, 20:00 дейін (Астана уақыты).
  • Қорытынды: 15.10.2025 күні  www.zerdebilim.kz  сайтында және әлеуметтік желі парақшаларда жарияланады.

Өтінім беру және төлем тәртібі

  • Жұмыстар тек ресми сілтеме арқылы қабылданады: https://zerdebilim.kz/abaitanu
    Электронды пошта/WhatsApp арқылы жіберілген материалдар қаралмайды.
  • Қатысу жарнасы: 900 теңге (тоғыз жүз теңге).
  • Төлем: Kaspi QR/сілтеме арқылы: https://zerdebilim.kz/kaspi

Түбіртекте сомасы, уақыты, күні, төлеушінің аты-жөні, ЖСН нөмірі анық көрінуі шарт.

Жұмыс форматы және техникалық талаптар

  • Тілдер: қазақ, орыс немесе ағылшын; марапат құжаттары қазақ тілінде беріледі.
  • Мәтіндік жұмыстар: PDF/DOCX, 12–14 кегль, 1.0–1.15 интервал, 1–5 бет (эссе), 6–30 бет (ғылыми жұмыс) + дереккөздер.
  • Аудио/видео: MP4/MOV/WAV/MP3; ұзақтығы 1–3 минут (мәнерлеп оқу/ән), 3–5 минут (шығармашылық таныстыру). Кадр/дыбыс сапасы жеткілікті деңгейде болуы тиіс.
  • Бейне-өнер: JPG/PNG/PDF, 200–300 dpi, сканерленген немесе фотоға түсірілген.
  • Бір жұмысты қайта-қайта жолдауға болмайды; түзету қажет болса, тек жаңа өтініммен (алдыңғысын кері қайтарып) жіберіледі.


Академиялық адалдық және авторлық құқық

  • Плагиатқа нөлдік төзім: мәтін/бейне/аудио/сурет — автордың өзі орындаған болуы керек, дәйексөздерге сілтеме беріледі.
  • Үшінші тұлғалардың музыкалық/визуалдық материалын пайдаланса, құқық иесі көрсетіледі.
  • Ұйымдастырушы жіберілген жұмыстарды білім беру мақсаты үшін жариялап, атрибутпен пайдалануға құқылы (коммерциялық емес).
  • Қатысушы жұмысын жолдау барысында қатысушы мәліметтерінде қателік кеткен марапат құжаттары қайта түзетіп берілмейді — өтінімді мұқият толтыру жауапкершілігі қатысушыда.

Жеңімпаздарды анықтау

  • Әр жас санаты мен номинация бойынша Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ дәрежелі орындар беріледі.
  • Қазылар шешімі түпкілікті, қайта қарауға жолданбайды. Әділдік үшін сарапшылар құрамы әдебиеттанушы-әдіскер, тіл маманы, музыка/өнер педагогынан жасақталады.

Марапаттау

  • Барлық қатысушылар — қатысушы сертификаты; жеңімпаздар — дипломдар.
  • Жетекшілер мен ата-аналар — алғыс хаттар.
  • 10 оқушының жұмысын жолдаған жетекшілергеҚұрмет грамотасы.

Марапат құжаттары электронды түрде, тек қазақ тілінде ұсынылады.

Байланыс және жұмыс уақыты

Байланыс нөмірі: 8-776-081-38-31

E-mail адрес: konkurs@zerdebilim.kz

Ресми ресурстар: www.zerdebilim.kz

Instagram: @zerdebilim

WhatsApp арна: https://t.me/zerdebilimTelegram арна: https://t.me/zerdebilim

Жұмыс уақыты: 09:00–18:00

Демалыс: сенбі, жексенбі.

Leave a comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *